Новости с января 2024

Жастар әкімге ашық айтты

Новости
Ақтөбенің жастары аймақ басшысына қалаған сұрағын қоюға мүмкіндік алды.

Жиында облыс әкімі жастардың ұлттық құндылықтар, тәуелсіздік, жаңашылдық ұғымдары туралы пікірін білді. Қазір қоғамда орын алған кесел – есірткі, құмар ойындарға қызығушылық, буллинг, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қашық болуға үндеді.Асхат Шахаров отансүйгіштік қызыл сөзбен емес, ісіңмен дәлелдейтін қасиет екенін айтты.

Өңір басшысымен кездесуге оқудағы жетістіктерімен ерекшеленген, маңызды шараларда белсенділік көрсеткен студенттер қатысты. Олардың арасында білім

беру және қоғамдық саланың дамуына үлес

қосқан түрлі олимпиадалардың, конкурстар мен бастамалардың жеңімпаздары болды.

Диалог алаңы ретінде Қ. Жұбанов атындагы өңірлік университеттің кітапханасы таңдалды.

• Асхат Шахаров жастарға қол жеткізген жетістіктері үшін алғысын білдіріп, жастарды

одан әрі қолдаудың маңыздылығын атап өтті.