Назад к списку

«ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫ ӨТІЛУДЕ

 Ақтөбе облысы бойынша 2021 жылғы 13-16 қаңтар аралығында "Қауіпсіз жол" төтенше жағдайдың алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты - жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелеріне мониторинг жүргізу, жаяу жүргіншілердің тәртібін сақтау және жүргізушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

  

 2021 жылғы 14 қаңтар күні Астана ауданы №1 ҚПБ бойынша Еуропалық экономика, бизнес және құқық жоғары колледжінің кәмелеттік жасқа толмаған жастар инспекторы А.Б.Жумабаев 1-3 курс студенттеріне «Жол жүру ережелері» тақырыбында дәріс өткізді. Әңгіме барысында жан-жақты ақпараттар мен сұрақтарға толық жауап алды. Сонымен қатар колледж инспекторы қазіргі уақытта барлық жол ережелерін сақтауларына кеңес берді. 


 Колледж инспекторы А.Б.Жумабаевтың студенттермен әңгімелесу сәтінен