Назад к списку

Встреча с врачом

  Ерте жастағы төсек қатынасы және оның салдарыӘйелдер қауымының денсаулығы - бұл біздің ұлтымыздың болашағы, жас ұрпақтың болашағы.Осыған орай, Еуропалық экономика, бизнес және құқық жоғары колледжінде 2021 жылдың 22 ақпанында колледж медбикесінің ұйымдастыруымен 1,2 курс студенттері акушер-гинеколог маманменкездесу өтті. 




Кездесуге Бәишев медициналық орталығының акушер - гинекологы Отарова Арайгуль Аманжоловна шақырылды.Кездесу барысында дәрігер «Ерте жастағы төсек қатынасы және оның салдары " тақырыбында дәріс оқып, жасөспірімдер арасындағы жұқпалы аурулардың алдын алу, жеке гигенаны сақтаудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Жас ұрпақтың болашағы үшін осындай тақырыптағы іс - шараларды белсенді түрде жиі өткізіп , жастар арасында насихаттауымыз қажет екені айтылды.Кездесу соңында рефлексия өткізіліп, қыз балалар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.