Назад к списку

Ер есімі-ел есінде

  9 мамыр -Ұлы Жеңіс күніне орай "Ешкім де ештеңе де ұмытылмайды" деген қағиданы ұстана отырып, Еуропалық экономика,бизнес және құқық жоғары колледжінің ұжымы 1925 жылы дүниеге келген Ұлы Отан соғысы ардагері Қажиғалиев Шайдулла атамызға құттықтау сөзін және сыйлық табыстап, ыстық лебізін тыңдап, баға жетпес батасын алды.Бүгінде өркен жайған алып бәйтеректей үлкен бір әулеттің ақылшы тірегі ардагер Қажиғалиев Шайдулла немере-шөбере сүйген ардақты ата. 96жастағы қария қазақ елінің болашағына зор сеніммен қарайды.Ерлікке тағзым ету жас ұрпақтың қастерлі борышы. Бүгінде қатарлары сиреп қалған ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қазыналы қарттарымыз қандай да болмасын зор құрмет-қошеметке лайық.