Архив

04.06.2021

Сіздерді "Еуропалық экономика,бизнес және құқық жоғары колледжі"Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтайды!🌸

Арайлы азаттығымыздың кепілі – Мемлекеттік рәміздер дүниеге келіп, Елбасының Жарлығымен 4 маусым күні мемлекеттік маңызы бар айтулы даталар қатарына қосылды. Бұл күн – ақталған үміт күні болып біздің егемен Қазақстан тарихының төрінен орын алды.

Өйткені, Елтаңбамыз, Туымыз, Гимніміз қазақ елінің барша болмысын, бүгіні мен ертеңін бойына сіңіріп, жүрегімізді мақтанышқа толтырады. Осының бәрі – Қазақстанның жаңа тарихының қастерлі беттері. Оның ерекшелігі сол – Отанның өзі нақ осы Тудан, Елтаңба және Гимннен бастау алады. Оларды жүрегіне басып, маңдайына тигізіп қадірлеу арқылы егемен елдің еңсесі биік азаматтары қалыптасады.

Біз – қазақстандықтармыз және мұны зор мақтанышпен айтамыз. Қазақстан мемлекетін құру, қазақстандық болу – бізге тағдыр сыйлаған ұлы бақыт. Біз оны әрдайым зор мақтаныш сезіммен ұрпақтан ұрпаққа табыстайтын боламыз. Ендеше әрдайым бар болайық, бір болайық, ата-баба армандаған азат елімізбен жарқын болашаққа бірге барайық.