ШӘКІРТІМІЗГЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!
Рысжанов Аманбек Жолдасқалиұлы
Ақтөбе қаласы Еуропалық экономика, бизнес және құқық жоғары колледжі.
Бағдарламалық қамтамасыздандыру мамандығы ||| курс студенті, бағдарламалық қамтамасыздандыру құрастырушы біліктілігінің болашақ маманы.
Аманбек, оқуға деген ынтасы жоғары, жауапкершілігі мол, өз мамандығын жақсы меңгеруге ұмтылатын білім алушы.
Өзі оқу барысында өзін белсенді, алғыр және еңбекқор студент ретінде көрсетті.
Теориялық білімін тәжірибемен ұштастыра білді, жаңа ақпараттарды тез қабылдап, оны іс жүзінде қолдана алады.
Оқу орнының қоғамдық және мәдени іс-шараларына белсене қатысады. Өзінің ұйымдастырушылық қабілеті мен көшбасшылық қасиеттерін көрсете отырып, топ ішінде де, жалпы оқу орнында да беделді студентіміз.
Ол бағдарламалау саласына ерекше қызығушылық танытып, түрлі бағдарламалау тілдерін меңгеруде табандылық танытуда. Теориялық білімді практикада қолдана білу қабілеті жоғары.
Жобалар мен түрлі байқауларда өзін шығармашыл, ізденімпаз және ұқыпты студент ретінде танытып келеді. ІТ саласы бойынша студенттер арасында болашағынан үміт күттіретін бірегейлік Аманбектен табылады.
Алдағы дүбірлі шарада - «Үздік 100 студент» байқауында жарқын жеңіс тілейміз!
Алға, Аманбек!!!