Новости с января 2024

♟️ Тоғызқұмалақ – ой ұшқырлығының белгісі

2025-12-04 20:14
Бүгін колледжімізде ұлттық интеллектуалдық ойындарды дамыту мақсатында «Тоғызқұмалақ – ой ұшқырлығының белгісі» атты шара өтті.

Студенттер логикалық ойлау, есептеу қабілеті мен стратегиялық шешім қабылдау дағдыларын танытып, тартысты ойын өрнегін көрсетті.

🇰🇿 Тоғызқұмалақ — қазақтың көне мұрасы, ақыл-ойды шыңдайтын, зияткерлік деңгейін арттыратын ерекше ойын.

Жас ұрпақты сабырлылыққа, дәлдікке, ой ұшқырлығына тәрбиелейтін бұл ойын – ұлттық қазынамыз.

👏 Қатысқан барлық студенттерге алғыс білдіреміз!

Ұлттық ойындарды бірге ұлықтайық!

#сыбағаақтөбе2025