Новости с января 2024

✨ Жеті қазына мен жеті ата – ұлт тірегі

Бүгін колледжімізде ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Жеті қазына мен жеті ата – ұлт тірегі» атты танымдық іс-шара өтті.

Студенттер қазақ халқының бай мұрасымен танысып, жеті қазынаның мәні мен жеті атаны білудің тәрбиелік маңызын жан-жақты талқылады.

🇰🇿 Жеті ата – ұрпақ тазалығы мен тектілікті сақтаудың даналық жолы.

🇰🇿 Жеті қазына – халықтың өмірлік ұстанымы мен дүниетанымын айқындайтын құндылықтар жиынтығы.

Осындай шаралар жастардың ұлттық тамырға жақындап, тарихи санасын қалыптастыруға үлкен үлес қосады.

👏 Белсенділік танытқан барлық қатысушыларға алғыс!

#сыбағаақтөбе2025