Новости с января 2024

⚜️2 қазан – Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күніне орай іс-шаралар жоспары»

📅 23 қыркүйек – 2 қазан

«Елдік Челлендж» – колледждердегі ұстаздар мен қызметкерлерге арналған алғыс жазбалары біртұтас «Алғыс лентасында» жарияланады.

«ТжКБ әуені» – студенттер мен ұстаздар жүйенің құндылығын бейнелейтін ән, өлең немесе әуен жазады.

📅 29 қыркүйек

«Алғыс алаңы» – әр қызметкерге арналып фотосуреті мен қанатты сөзі бар плакаттар, бейнероликтер дайындалады.

«Бір шебер – жүз бейне» – студенттер өндірістік оқыту шеберінің бір күнін қысқа бейнероликпен көрсетеді.

📅 30 қыркүйек

«Білім алмасу» – студенттер ұстаздарға жаңа технологиялар туралы шағын сабақ өткізеді.

«Шеберлік құпиялары» – колледж студенттері мектеп оқушыларына мамандық сырларын үйретеді.