Новости с января 2024

Кітап сыйлау челенджі

Новости
14 ақпан – Кітап сыйлау челенджі

Сүйіспеншілік пен білімді үйлестіретін ерекше іс-шараға шақырамыз! 14 ақпан күні сіз өзіңізге және жақындарыңызға кітап сыйлау арқылы мейрамның мағынасын тереңдетіп, білім әлемін кеңейтуге үлес қосыңыз.

Мақсаты:

Бұл челендж арқылы біз қоғамда оқуға деген ынтаны арттырып, бір-бірімізге мейірімділік пен шығармашылық шабыт сыйлағымыз келеді. Кітаптар – білім мен сүйіспеншіліктің кілті, сондықтан оларды бөлісу арқылы біз бірге өсуге және дамуға ықпал етеміз.

Барлықтарыңызды осы ерекше бастамада белсенді қатысуға шақырамыз!