Ата-анамен байланыс орнату, студенттердің үлгерімі мен тәртібін заңды өкілдеріне дер кезінде хабардар ету бүгінгі күні білім беру ұйымының мақсатты жұмысы. Осы орайда колледжімізде ата-аналар жиналысы өткізілді. Құқықбұзушылықты алдын-алу, сабақ үлгерімдері, ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының мақсаты туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді, яғни колледждің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту мәселелері қаралды.