Новости с января 2024

Алғыс хат

Новости
6 қыркүйек күні сағат 15.00-де экскурсиялық-бұқаралық бөлімінің ұйымдастыруымен Отбасы күніне орай «Мерейлі отбасы – мықты мемлекеттің тұғыры» тақырыбында кездесу өтті. Кездесудің мақсаты - қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы мәселесінің маңыздылығына, отбасы құндылығына және дәстүрлеріне қоғамның назарын аудару. Шараға «Шолпы» қоғамдық қорының жетекшісі А.Сарыбай, Ақтөбе телеарнасының шеф редакторы, ҚР ақпарат саласының үздігі Б.Биманова, Алтын алқа иегері, Мерейлі отбасы Гран При иегері, ҚР-ның Құрметті азаматы, Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» төсбелгісінің иегері, Облыстық сотта және 3-ші сотта тәжірибелі медиатор және педагог, «Анаға тағзым» орталығының медиаторы – Б.Әбілдаева қатысты. Шара қонақтары отбасының қазіргі жағдайы мен оның қоғам өміріндегі және өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі маңыздылығына тоқталып, тұшымды пікірлерімен бөлісті.

Сонымен бірге шараға Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі мен Еуропалық экономика, бизнес және құқық жоғары колледжінің О-103 тобының студенттері және кураторы Биболатқызы Айгүл қатысты.