Новости с января 2024

JasSkills Kazakhstan-2025

2025-09-26 18:35 Новости
2025 жылдың 18-20 қыркүйек аралығында Алматы қаласында өткен “JasSkills Kazakhstan-2025” республикалық кәсіби шеберлік байқауында Қ. Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің 9 “И” сынып оқушысы Муканов Данияр “Web-технологиялар” құзыреттілігі бойынша ІІ дәрежелі дипломға ие болды. 🏆

Даниярға байқау барысында Еуропалық экономика, бизнес және құқық жоғары колледжінің арнайы пән оқытушысы Тулемисов Алишер Нигметуллаевич жетекшілік етті.

Оқушымызды жүлделі жеңісімен құттықтау үшін колледж құрылтайшысы Туремуратов Талғат Муканбетович қабылдап, Даниярды колледжге тегін оқуға шақырып, естелік сыйлық пен 100€ көлемінде сыйақы табыстады. 🎉

✨ Мектебіміздің мақтанышы – Даниярға алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!